ҚОЙ ТРИХОЦЕФАЛЕЗІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРНІСТЕРІ

А.З.Мауланов., в.ғ.к., доцент,  М.С.Сабаншиев , в.ғ.д., профессор,Д.Е.Арзымбетов ., в.ғ.к., доцент, Г.Б. Күзембекова, в.ғ.к., ассистент 

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы,ҚазҰАУ

«Клиникалық ветеринарилық медицина» кафедрасы,ҚазҰАУ 

Алматы


Түйін

 

Қой трихоцефалезінің клиникалық және патоморфологиялық өзгерістері анықталған.  Қой трихоцефалезі Алматы облысы шаруашылықтарында күз және қыс айларында  7-12 айлық  тоқтыларда жиі тіркеліп, өлім-жітімге ұшырататыны дәлелденді. Патоморфологиялық зерттеулер: трихоцефалюс құрты қойлардың тоқ ішегінде орналасып, ол жерде катарлы эрозияланған колит тудыратыны көрсетті.Сонымен қатар, паренхималық мүшелерде дистрофиялық өзгерістер дамитыны анықталған.

 

Кілт сөздер: Трихоцефалез, тоқ ішек, катарлы колит, дистрофия.

 

Кіріспе

 

Трихоцефалез – шашбасты жұмыр-құрттар қоздыратын күйісті малдардың аса қауіпті гельминтозы. Трихоцефалезға шалдыққан қой ша­руашылықтарында шығын тек мал өнімдерінің және одан алынатын төл санының төмендеуімен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар, ауырған малдар жаппай өлімге ұшырауы мүмкін (1,2,3). Әдеби деректерге қарағанда, трихоцефалез көптеген елдерде кеңінен таралған, әсіресе субтропикалық және тропикалық белдеулердің ылғалды аймақтарында жиі кездеседі. Трихоцефалезбен барлық жастағы қойлар ауырады, әсіресе 1,5-2 жас арасындағы тоқтылар жаппай ауруға шалдығатыны анықталған (4,5). Бұрынғы жарияланған ғылыми деректерге қарағанда қой трихоцефалезі Ресей аумағында өте кең таралған және оның кейбір аймақтарын ауру 100% қамтыған. Трихоцефалез Қырғызстанда және Өзбекстанда тіркелгені туралы деректер бар (6,7,8,9,10,11). Бірақ әдеби деректерде трихоцефалездің Қазақстан аумағында тіркелгені туралы мәліметтер жоқтың қасы.

 

Тіпті соңғы 30 жылда Қазақстанда трихоце­фа­лездің таралуы, экономикалық зияндылығы, патологиясы, патоморфологиясы және тағы басқа проблемалары мүлдем зерттелінбеген.

 

Зерттеу материалы мен тәсілдері

 

Зерттеу жұмыствры 2014 жылдың қараша және желтоқсан айларында Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­­ситетінің Биологиялық қауіпсіздік кафе­дра­сы­ның патоморфологиялық зертханасында жүр­­гі­зілді. Зертханада Алматы облысы қой ша­­руашылықтарынан лажсыз сойылған 6 бас қойдың ішкі мүшелері және 2 бас өлген тоқты өлекселері зерттелінді.Ауырып өлген барлық 8 бас тоқтының жас шамасы 10-11 айлық арасында. Қой өлекселері және әкелінген ішкі мүшелер толық патологиялық анатомиялық тәсілмен зерттелді.

 

Мүшелер мен ұлпаларда дамыған микрос­копиялық өзгерістерді анықтау үшін патогис­тологиялық зерттеулер жүргізілді. Гистологиялық зерттеуге: жүрек, өкпе, бауыр, аш және тоқ ішек, шажырқай лимфалық түйіндері, бұйрек, көкбауыр алынды.Алынған материалдардан гистологиялық препараттар жасау үшін, біз кәзіргі кезде патоморфологияда кеңінен қолданылып жүрген тәсілдерді қолдандық (Меркулов Г.А., 1969).

 

Жұқа қалыңдығы 5-6 мкм парафин тілімдерін жартылай автоматтандырылған ERM 3100 (Австралия)микротом арқылы алдық. Мүшелер мен ұлпалар түрлерінің жалпы құрылымын зерттеу үшін алынған жұқа тілімдерді гематоксилин-эозин бояуымен боядық.Қой өлекселерінің ішкі мүшелері К.И.Скрябиннің гельминтологиялық жартылай сойып зерттеу әдісімен зерттелді.

 

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

 

Патологиялық материалдар алынған ша­руа­шылықтың эпизоотологиялық деректерін талдау барысында, бұл гельминтоздың Алматы облысы қой шаруашылықтарында кеңінен таралғаны және ол көп жағдайда малдың өліміне себеп болатыны анықталды. Шаруашылықтарда аурудың экстенсивтігі 40-80% - ға дейін жеткені белгілі болды. Трихоцефалездің шаруашылықтарда жыл сайын тұрақты тіркелетініне қарамастан өкінішке орай практикалық малдәрігерлері нақты диагноз қоймағаны белгілі болды. Шаруашылықтарда трихоцефалезге диагноз дұрыс қойылмаған неме­се аурудың клиникалық белгілеріне қарай басқа аурулар түрі ретінде тіркелген. Нәтижесінде ша­руашылықтарда трихоцефалезге қарсы алдын алу және емдік шаралар жүргізілмеген.

 

Эпизоотологиялық талдау трихоцефалезбен 7-12 ай арасындағы тоқтылар шалдығатынын көрсетті. Аурудың клиникалық белгілері ересек қойлар арасында тіркелмеген. Гельминтоз жыл сайын қараша жә­не желтоқсан айларында шығып отырған. Ауруға шал­дыққан тоқтылардың жалпы күйі күннен –күнге нашарлаған, өсіп жетілуі тежелген, анемия бел­гілері байқалған, нәжісі сұйылып іші өткені жә­не кейбір жағдайда нәжіске қан араласқаны тура­лы мәліметтер тіркеген.Сонымен қатар ауырған мал­дардың дене қызуы кейбір жағдайда 41,80 С-қа көтерілген. Диареяға қарап жүргізілген сим­томатикалық емдік шаралар оң нәтиже бермеген. Ауырған малдар күннен-күнге жүдеп өлімге ұшырай бастаған. 

 

Сойып зерттеу нәтижесі негізгі патоморфо­ло­гиялық өзгерістерге малдың ас қорыту жолдары, атап айтқанда тоқ ішектің бүйен мен жиек ішек бөлімдері ұшырағанын көрсетті. Анықталған па­тологоанатомиялық өзгерістер барлық зерттелген мал өлекселерінде тұрақты және біртипті болып тіркелді.

 

Зақымдалған тоқ ішектің кілегейлі қабығы ісінген,домбыққан,қабарғасы қалыңдаған. Кіле­гейлі қабық бетінде көптеген қанталаулар, эрозиялар мен кішігірім ойылымдар кездеседі. Бүйен мен жиек ішек бөлімдерінде трихоцефалюстер орналасқанын байқадық. Бұл жерде инвазияның интенсивтігі 7-ден -32 дана трихоцефалюске дейін жетті. Олар тоқ ішектің кілегейлі қабығына өздерінің денесінің шашқа ұқсаған алдыңғы бөлігімен жабысып тұрғанын, кейде олар кілегейлі 

 

ҚОЙ ТРИХОЦЕФАЛЕЗІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРНІСТЕРІ

 

қабық асты және ет қабаттарына дейін еніп орналасқанын байқадық (1 сурет).

 

Тоқ ішекте анықталған макроскопиялық өзге­рістердің көріну деңгейі аурудың интенсивтігіне тікелей байланысты болды. Яғни, тоқ ішекте трихоцефалюстердің саны неғұрлым көп болса, макроскопиялық өзгерістердің көріну дең­қталған трихоцефалюстердің түсі ақшыл-сұр, ұзындығы 3-5 см, алдыңғы бөлігі жіңішке шаш тәрізді, ал артқы бөлігі жуандау келген (2 сурет).

 

ҚОЙ ТРИХОЦЕФАЛЕЗІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРНІСТЕРІ

 

Аш ішектегі өзгерістер, оның кілегейлі қабығының ісінуімен, кейбір бөліктерінің қызаруымен, кілегейлі қабық бетінде мөлдірлеу келген түссіз жабысқақ келген кілегеймен жабылуымен, ішектің қабырғасының қалыңдауымен сипатталды.

 

Шажырқайлық лимфалық түйіндердің көлемі барлық зерттелген малдарда ұлғайған, консистенциясы серпімді, тілік беті сұрғылт –қызыл түсті және оның паренхимасы ісініп көтеріліп тұр.

 

Жүрек. Перикард ақшыл – қыз.ылт түсті, ылғалды, жылтыр, тегіс. Оның қуысында аз мөлшерде мөлдірлеу сұйық жиналған. Эпикард ақшыл қызғылт түсті, тегіс, жылтыр, қантамырлар қанға толып тұр.Миокард біркелкі боялмаған, түсі қайнатылған еттің түсіне ұқсайды, консистенциясы жұмсақтау, тіліп қарағанда еттің талшықты құрылымы анық көрінбейді. Жүрек қарыншалары қабырғалары қалыңдығыны қатынасы 3-1.

 

Өкпенің көлемі шамалы ұлғайған, қызыл-қо­ңырлау түсті, консистенциясы ашыған қамыр сияқ­ты, тілік бетінен қызғылт түсті сұйық ағады, ал ірі бронхтарды қысқанда көпіршіктелген сұйық бөлінеді.

 

Бауырдың көлемі барлық ауырған малдарда ұлғайған, олардың шеткі қырлары доғалданған, түсі біркелкі боялмаған: сұрғылт-сары-қоңырлау түске боялған аймақтар кездеседі. Мүшенің қалыпты бөлекшелік суреті анық емес. Өт қабының көлемі ұлғайған, оның қуысы қоюлау келген қанық түсті жасыл өтке толған. 

 

Бүйректің көлемі ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, милы және қыртысты қабаттардың шекарасы анық емес, мүше қабығы оңай сыпырылады.

 

Көкбауырдің көлемі шамалы ұлғайған, сұрғылт-қоңырлау түсті, консистенциясы қаттылау, тілік беті ұсақ түйірлі, қырынды алынбайды.

 

Гистологиялық өзгерістер. Трихоцефалюстермен зақымдалған қойлардың тоқ ішегін гистологиялық зерттегенде, қантамырлардың қанға шамадан тыс толғаны, ішектің дәнекер ұлпалы қабаты лимфоидты торшалармен инфильтрацияланғаны, домбығуы, тіркелді. Тоқ ішектің кілегейлі қабық асты және ет аралық дәнкер ұлпасында адвентициялық торшалардың пролиферациясын және сарысулы домбығу көрнісін анықтадық.

 

Аш ішектің кейбір бүрлерінің үстіңгі бөлігі бұзылған, эпителий торшалары вакуольданған, ісінген, кейбір эпителий торшаларының тобы тү­леп, кілегейлі қабық бетін жапқан катарлы экс­судаттың құрамына енген. Бүрлердің төменгі бөлігінде орналасқан цилиндрлік эпителий және без эпителийлері ісінген, бозғылт түсті, торшалары сақталған, бірақ олар біркелкі боялмаған, кейбір торшаларда ядро көрінбейді, контурлары анық емес.

 

Ішектегі лимфоидтық фолликулдер гиперплазия күйінде және олардың реактивтік орталығы тым кеңейген.

 

Шажырқай лимфалық түйіндері. Лимфалық фол­­ликулдардың көлемі ұлғайған, торшалар саны кө­бейген-гиперплазия, реактивті орталықтың аумағы кеңей­ген. Кейбір фолликулдар бір-бірімен қосылып кеткен.

 

Жүректе миокардиоциттер ісініп түйірлі дистро­фия күйінде, көлденең жолақтары және ядролары анық көрінбейді, қантамырлар толық қанды, миокардтың интерстициялық ұлпасы ісінген, оның кейбір жерлерінде лимфоидты торшалар және гистиоциттер шоғырланған.

 

Бауырдың қалыпты бағаналық құрылымы бұ­­зыл­ған, орталық веналарға жақын орналасқан гепато­­циттердің цитоплазмасы түйірлі, бауыр бөлек­шелерінің шеткі аймақтарында орналасқан кейбір гепатоциттердің цитоплазмасы вакуолданған. Орта­лық веналар мен бағана аралық капиллярлар қанға толған. Бөлекше аралық дәнекер ұлпа ірі талшықты элементтерден құралып, шамалы қалыңдаған.

 

Көкбауырда лимфоидты ұлпа гиперплазияланған, фолликулдердің көлемі ұлғайған, қызыл пульпада торшалар саны көбейген, трабекулалар ісінген.

 

Бүйректерде проксимальдық ирек түтікше­лер­дің қуысы кеңейген, эпителий торшалары ісінген. Қантамырлар шумағында эндотелий тор­шаларының пролиферациясы байқалады. Эндотелий торшалары ядросында хроматин жіңішке тор­лар түрінде орналасқан. Қантамырлар қанға то­лы және микроциркуляторлық капиллярлардың қабырғасы мукоидты ісінген. 

 

Өкпеде перибронхиальды лимфоидты ұлпаның көлемі ұлғаймаған, бөлекше аралық дәнекер ұл­па ісінген, бұл жерде сирек жағдайда домалақ тор­шалардың инфильтрациясы және бірең-сараң эозинофильды лейкоциттер мен плазмалық торшалар көзге ілігеді.

 

Қорытынды

 

1. Трихоцефалез Алматы облысының қой шаруашылықтарында кең таралған.

2. Трихоцефалез басым түрде қараша және желтоқсан айларында байқалады.

3. Ауырған малдың жалпы күйі нашарлайды, жас малдардың өсіп жетілуі тежеледі, жалпы анемия дамиды, нәжісі сұйылып іші өтеді кейбір кезде нәжісіне қан араласып дене қызуы көтеріледі.

4. Трихоцефалез малдың негізінен тоқ ішегінде орналасып, оны терең патоморфологиялық өзгерістерге ұшыратады.

5. Қоздырушыдан бөлінген токсиндер мүшелерде зиянды әсер етіп, мүшелерде қан айналымының бұзылуын, дистрофиялық және некробиоздық өзгерістер пайда болуын қамтамасыз етеді.

 

Әдебиеттер:

 

1. Богданов А.Г. Течение  трихоцефалеза овец в Бурят-Монгольской  АССР. Тр.Бурят-Монгольской НИВС. – 1956, - Т.3, - С.71-75.

2. Пасечник В.Е. Сезонная и возрастная динамика трихоцефалусов у овец на Юго-Западе Европейской части СССР.  Бюл.Всес.ин-та гельминтологии. - 1983, -Вып.33, - С.76-77.

3. Крючкова Е.Н. Особенности трихоцефалеза овец в хозяйствах Ивановской области. Сб.научн.трудов МВА. – 1993, - С.106-108.

4. Галимова В.З. и др. Влияние трихоцефалеза на.микробиологические и физико-химические показатели мяса овец. Мат. докл. науч. конф. « Теория и практика борьбы с паразитарными болезнями». - М., - 2007, - Т. 8, - С. 66-67. 

5. Даугалиева Э. X., Абрамов В.Е. Трихоцефалез овец и меры борьбы с ним. - М., - 1984, - 6 с. 

6. Джамалова А. 3., Гадаев Х.Х., Шамхалов М. В., Магомедов О. А. Нематодофауна овец в разных зонах Чеченской Республики.//Труды Всероссийского института гельминтологии им. К.И. Скрябина. М.,- 2007, - т.45.,- С. 90-94. 

7. Бутылин Р.К. К изучению гельминтофауны овец в Южной зоне Киргизской ССР. Фауна гельминтов животных и растений Киргизии. – Фрунзе, - 1974, - С. 44-45.

8. Кузнецов Д.Н., Ломакин В.В. Структура нематодофауны диких копытных Беловежской пущи. Материалы научной конференции «Теория и практика борьбы с паразитарными болезнями», посвященной 100-летию со дня рождения B.C. Ершова. – 2004, - вып. 5, - С. 196-198. 

9. Шамхалов М. В., Магомедов О. А., Шамхалов В. М., Адзиева X. М. Распространение и возрастная динамика трихоцефалеза овец в равнинной зоне Дагестана.  Труды Всероссийского институтата гельминтологии им. К.И. Скрябина. - М., -2007,- Т.45, - С.257-26. 

10. Шамхалов М. В., Джамалова А.З., Шамхалов В.М., Адзиева X. М. Сезонная и возрастная динамика зараженности овец трихоцефалами в предгорной зоне Дагестана.  Мат. Всеросс. научно-практической конференции, посвященной 75-летию ДГСХА. – Махачкала, - 2007, - С. 262-264.

11. Шамхалов М.В., Газимагомедов М.Г., Шамхалов М.В., Магомедов O.A., Махиева Б.М. Монография «Основные гельминтозоонозы человека и животных и меры борьбы с ними в Прикаспийском регионе России». – Махачкала, - 2010, -189 с. 

 

References

 

1. Bogdanov A.G. Techenie trihotsefaleza ovets v Buryat-Mongolskoy ASSR. Tr.Buryat-Mongolskoy NIVS. – 1956, - T.3, - S.71-75.

2. Pasechnik V.E. Sezonnaya i vozrastnaya dinamika trihotsefalusov u ovets na Yugo-Zapade Evropeyskoy chasti SSSR. Byul.Vses.in-ta gelmintologii. - 1983, -Vyip.33, - S.76-77.

3. Kryuchkova E.N. Osobennosti trihotsefaleza ovets v hozyaystvah Ivanovskoy oblasti. Sb.nauchn.trudov MVA. – 1993, - S.106-108.

4. Galimova V.Z. i dr. Vliyanie trihotsefaleza na.mikrobiologicheskie i fiziko-himicheskie pokazateli myasa ovets. Mat. dokl. nauch. konf. «Teoriya i praktika borbyi s parazitarnyimi boleznyami». - M., - 2007, - T. 8, - S. 66-67. 

5. Daugalieva E. X., Abramov V.E. Trihotsefalez ovets i meryi borbyi s nim. - M., - 1984, - 6 s. 

6. Dzhamalova A. 3., Gadaev H.H., Shamhalov M. V., Magomedov O. A. Nematodofauna ovets v raznyih zonah Chechenskoy Respubliki. Trudyi Vserossiyskogo instituta gelmintologii im. K.I. Skryabina. M.,- 2007, - t.45.,- S. 90-94.

7. Butyilin R.K. K izucheniyu gelmintofaunyi ovets v Yuzhnoy zone Kirgizskoy SSR. Fauna gelmintov zhivotnyih i rasteniy Kirgizii. – Frunze, - 1974, - S. 44-45.

8. Kuznetsov D.N., Lomakin V.V. Struktura nematodofaunyi dikih kopyitnyih Belovezhskoy puschi. Materialyi nauchnoy konferentsii «Teoriya i praktika borbyi s parazitarnyimi boleznyami», posvyaschennoy 100-letiyu so dnya rozhdeniya B.C. Ershova. – 2004, - vyip. 5, - S. 196-198. 

9. Shamhalov M. V., Magomedov O. A., Shamhalov V. M., Adzieva X. M. Rasprostranenie i vozrastnaya dinamika trihotsefaleza ovets v ravninnoy zone Dagestana. Trudyi Vserossiyskogo institutata gelmintologii im. K.I. Skryabina. - M., -2007,- T.45, - S.257-26.

10. Shamhalov M. V., Dzhamalova A.Z., Shamhalov V.M., Adzieva X. M. Sezonnaya i vozrastnaya dinamika zarazhennosti ovets trihotsefalami v predgornoy zone Dagestana. Mat. Vseross. nauchno-prakticheskoy konferentsii, posvyaschennoy 75-letiyu DGSHA. – Mahachkala, - 2007, - S. 262-264.

11. Shamhalov M.V., Gazimagomedov M.G., Shamhalov M.V., Magomedov O.A., Mahieva B.M. Monografiya «Osnovnyie gelmintozoonozyi cheloveka i zhivotnyih i meryi borbyi s nimi v Prikaspiyskom regione Rossii». – Mahachkala, - 2010, -189 s.

 

Резюме

КЛИНИЧЕСКАЯ И ПАТОМОРФОЛОГИЧЕСКАЯ КАРТИНА ТРИХОЦЕФАЛЕЗА ОВЕЦ

 

А.З.Мауланов , в.ғ.к., доцент,  М.С.Сабаншиев , в.ғ.д., профессор,Д.Е.Арзымбетов , в.ғ.к., доцент, Г.Б. Күзембекова , в.ғ.к., ассистент.

Кафедра «Биологической безопасности», КазНАУ, Алматы.

Кафедра «Клинической ветеринарной медицины», КазНАУ, Алматы

 

Проведены клинико-эпизоотологический анализ и патоморфологические исследования при трихцефалезе овец.Установлено, что трихоцефалез  проявляется в осенне-зимний период среди ягнят в возрасте  7-12 месяцев. Трихоцефалюсы локализуются в толстом отделе кишечника и вызывают в них глубокие патоморфологические изменения. Выявлено дистрофические  изменения в печени, сердце и почек.

 

Түйін сөздер: Трихоцефалез, толстый отдел кишечника, катаральный колит, дистрофия.

 

Summary

CLINICAL AND PATHOLOGICAL FEATURE TRICHURIASIS 

 

A.Z. Maulanov, M.S. Sabanshiev, D.E. Arzymbetov, G.B. Kүzembekova

Department "Biosafety" KazNAU.

Department "Clinical Veterinary Medicine", KazNAU Қазақстан, Almaty

 

Clinical and pathological analysis and ehpizootological research of sheep trihtsefaleze.It was established that trichocephalosis manifested in the autumn-winter period among lambs aged 7-12 months. Trihotsefalyusy localized in the large intestine and cause them deep pathological changes. Revealed degenerative changes in the liver, heart and kidneys.

 

Keywords: Trichuriasis, large intestine, catarrhal colitis dystrophy.

 




 

 

 














 


 

 

  .  
 
Copyright (C) Журнал ЛАБОРАТОРНАЯ МЕДИЦИНА,
Республика Казахстан, 050026, г. Алматы, Алмалинский район, ул. Байзакова 125/185 (БЦ Nomad), НП 2, офис 207
Тел.: +7 (727) 250 00 11, skype: medmedia.kz, e-mail: info@medmedia.kz
   
 
Яндекс.Метрика